Балалардың жазғы демалысы – олардың денсаулығын нығайтып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруіне, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік беретін маңызды кезең.
19 маусым күні «Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінің үшінші маусымы өз жұмысын бастады. Лагерьдің алғашқы күнінде тәрбиеленушілер ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылып, лагерь басшысы мен тәлімгерлер тарапынан қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізілді.
Таңертеңнен бастап лагерь аумағында көтеріңкі көңіл күй орнап, әуезді музыка мен балалардың шат күлкісі жазғы демалыстың жарқын басталуына ерекше әсер сыйлады. Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, алғашқы күні балалар ауысымның салтанатты ашылуына дайындық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ балалар үшін мерекелік флешмоб пен «Танысу» тренингі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың бір-бірімен жақынырақ танысуына, жаңа ортаға бейімделуіне және достық қарым-қатынас орнатуына ықпал ету.
Тренинг барысында тәрбиеленушілер өз әсерлерімен бөлісіп, қызығушылықтары мен сүйікті ойындары туралы әңгімеледі. Балалардың белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күйі лагерь жұмысының алғашқы күнінен-ақ ерекше атмосфера қалыптастырды.
Летняя пора в жизни детей — это период накопления новых сил, здоровья, новых знаний.
С 19 июня по 29 июня начался третий сезон летнего профильного лагеря «Экоәлем». Первый день ребята были ознакомлены с правилами поведения в лагере, начальник лагеря и вожатые провели с ребятами инструктажи по технике безопасности. С самого раннего утра на территории нашего лагеря зазвучала музыка, раздавался веселый, детский смех и началась интересная лагерная жизнь. Согласно плану воспитательной работы лагеря в первый день дети начали готовиться к открытию смены. Для детей был проведен праздничный флеш моб и тренинг «Знакомств». Цель: познакомить детей друг с другом, привыкнуть, адаптироваться к новой среде. Ребята с большим интересом делились своими впечатлениями о знакомстве с детьми, рассказывали о своем хобби, о любимых играх.
