Skip to content
"Ақсу" балалар эко-техно орталығы

"Ақсу" балалар эко-техно орталығы

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Біз туралы
    • Орталық басшысы
  • Байланыс
  • Русский

«Жазды іздеу»

Жаңалықтар
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Ақсу"балалар эко-техноорталығы (@eko_tehno_ortalygy_aqsu)

3 шілде күні «Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінің тәрбиеленушілері үшін «Жазды іздеу» атты экологиялық квест өткізілді.
Мақсаты: балалардың табиғатқа ұқыпты және жанашыр көзқарасын ойын арқылы қалыптастыру.
Іс-шара барысында балалар тақырыптық бекеттер бойынша қызықты саяхатқа шығып, түрлі тапсырмаларды орындады: табиғат туралы жұмбақтарды шешті, өсімдіктер мен жануарларды анықтады, орманда өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсірді, қимылды ойындарға, шығармашылық және зерттеушілік тапсырмаларға қатысты. Әрбір орындалған тапсырма қатысушыларды басты мақсатқа – «Жазды» тауып, табиғаттың көркін қалпына келтіруге жақындатты.
Балалар тапсырмаларды орындауға үлкен қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді қатысты, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы білімдерін, сондай-ақ қоқысты дұрыс сұрыптау жолдарын көрсетті. Қатысушылардың басым бөлігі ұсынылған сынақтарды сәтті орындап, тапқырлықтарын, зейінділіктерін, байқампаздықтарын және топпен жұмыс істей білу қабілеттерін танытты.
Ойын барысында балалар табиғатта қауіпсіз әрі ұқыпты мінез-құлық ережелерін бекітіп, өсімдіктерге, жануарларға және қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінді. Ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара тәрбиеленушілердің эмоционалдық қызығушылығын арттырып, коммуникативтік дағдыларын дамытуға және табиғатты танып-білуге деген оң ынтасын қалыптастыруға ықпал етті.

Навигация по записям

❮ Previous Post: «Әнге толы жайдарлы жаз!» 
Next Post: Экологический квест «В поисках лето» ❯

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар

Оқыту жұмысы

Әдістемелік жұмыс

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар

Copyright © 2026 "Ақсу" балалар эко-техно орталығы.