13 шілде күні «Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінде нағыз теңіз атмосферасы орнады! Балалар жарқын да көңілді Нептун күні мерекесіне қатысты.
Таңертеңнен бастап балаларды қызықты ойындар, түрлі сайыстар мен судағы көңілді ойын-сауықтар күтті. Қонаққа теңіз патшасы Нептун өз нөкерлерімен келіп, балалардың ептілігін, тапқырлығын және командалық бірлігін сынайтын қызықты тапсырмалар ұйымдастырды. Балалар эстафеталарға белсене қатысып, жұмбақтардың жауабын тауып, шығармашылық тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындады.
Әсіресе судағы ойындар мен көңілді сайыстар балалардың есінде ерекше қалды. Бұл ойындар күлкіге, қуанышқа және көтеріңкі көңіл күйге толы болды. Әрбір команда ұйымшылдық пен белсенділік танытып, ең бастысы – мол жағымды әсерге бөленді.
«Экоәлемдегі» Нептун күні жаздың, достықтың және алаңсыз демалыстың шынайы мерекесіне айналып, балалардың жадында ұзақ уақыт сақталатын ерекше күн болды.
13 июля в летнем профильном лагере «Экоәлем» царила настоящая морская атмосфера! Ребята приняли участие в ярком и весёлом празднике — Дне Нептуна.
С самого утра детей ждали игры, конкурсы и водные забавы. В гости к ребятам пришёл сам владыка морей Нептун со своей свитой, который устроил испытания на ловкость, смекалку и командный дух. Дети с радостью участвовали в эстафетах, отгадывали загадки и выполняли творческие задания.
Особенно запомнились водные игры и весёлые конкурсы, где было много смеха, радости и хорошего настроения. Каждая команда проявила сплочённость и активность, а главное — получила массу положительных эмоций.
День Нептуна в «Экоәлем» стал настоящим праздником лета, дружбы и беззаботного отдыха, который надолго останется в памяти ребят.
