Туған өлкеміздің жері қандай көркем әрі жомарт! Ол адам қолының қамқорлығына, адам жүрегінің сүйіспеншілігі мен жылуына әрдайым жауап береді!
Туған жер гүлденбейінше, адам ешқашан шынайы бақытқа жете алмайды.
Жер – баршамыздың аяулы Анамыз. Сондықтан оны қорғап, ал бүгінгі таңда қайта қалпына келтіру – әрқайсымыздың қасиетті міндетіміз.
Осындай ізгі ниетпен Ақсу қаласының КМҚК «Балалар эко-техноорталығының» аумағында балалар ағаш көшеттерін отырғызды. Экологиялық акцияға бастауыш және жоғары сынып оқушылары белсене қатысты.
Бүгін «Жерге бақ сыйла» қорының төрағасы Ю.Л. Гашек келіп, бұрын отырғызылған ағаштардың жай-күйімен танысып, оларды күтіп-баптау бойынша өз кеңестерімен бөлісті.
Көрген нәтижеге риза болды.
Іс-шаралар Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Павлодар облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жайнай бер, туған Жерім!» жобасы шеңберінде өтті.
Как прекрасна и щедра Земля нашего Родного края! Очень отзывчива на заботу человеческих рук, на любовь и тепло человеческих душ!
Без процветания Родной Земли человек никогда не будет по-настоящему счастлив.
Земля — всем нам Мать родная и её необходимо беречь, а в сегодняшней действительности — восстанавливать.
С таким настроем были высажены деревья детьми на территории КГКП Детский эко-техноцентр «Аксу». В акции принимали участие дети как младших, так и старших классов.
А сегодня приезжал Гашек Ю.Л. председатель фонда «Подари Земле сад», чтоб посмотреть, как чувствуют себя ранее высаженные деревца, дать советы по дальнейшему уходу.
Увиденным остались довольны.
Мероприятия прошли в рамках проекта «Цвети всегда моя Земля» при поддержке ОЮЛ «Ассоциация «Гражданский альянс Павлодарской области» в рамках государственного социального заказа ГУ «Управление информации и общественного развития Павлодарской области».
