Бүгінгі таңда Орталық аумағында жылжымалы сахна, беседкалар, орындықтар, шахмат және дойбы үстелдері, баскетбол қалқандары мен волейбол тіректері, әткеншектер, фотозоналарға арналған саябақтық мүсіндер орнатылды.
Сонымен қатар, аумақтағы 44 ағашқа санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді.
«ЭКО БАЛА ПАРК» жобасының ашылуы 2027 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.
«ЭКО БАЛА ПАРК» жобасы қала аумағында отбасылық демалысты ұйымдастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба балалар мен ересектер үшін жайлы, қауіпсіз әрі тартымды демалыс жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.
Жоба Ақсу қаласының тұрғындары үшін отбасы мүшелерімен бірге уақытты тиімді өткізуге, белсенді демалыспен айналысуға және балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға қолайлы орын болмақ.
