Skip to content
"Ақсу" балалар эко-техно орталығы

"Ақсу" балалар эко-техно орталығы

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Біз туралы
    • Орталық басшысы
  • Байланыс
  • Русский

Дүниежүзілік Жер күніне арналған «Жер-біздің ортақ үйіміз» атты қалалық КВЕСТ –ойын

Спорттық іс-шаралар

26 сәуір күні «Ақсу» балалар эко-техноорталығының аумағында Дүниежүзілік Жер күніне арналған «Жер-біздің ортақ үйіміз» атты қалалық КВЕСТ –ойын өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: экологиялық білім беру және ағарту саласында шығармашылық бастаманы көрсету үшін орта құру, Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың білім беру мекемелерінің дарынды балаларын анықтау және қолдау.
Іс-шараға № 4,7мектептер, Абай атындағы жалпы білім беру мектебі, Мектеп- Лицейі, Береке ауыл мектебі, С. Дөнентаев атындағы мектептер қатысты. Іс-шараның бірінші кезеңі визит карточкасы түрінде өтті, онда қатысушылар өз командасы мен ұранын ұсынды. Содан кейін станциялар бойынша квест-ойын өткізілді, қатысушылардың міндеті алдын ала берілген маршруттық парақ бойынша 6 станциядан өту болды: «Қоқысты жина және сұрыпта», «Қызыл кітап», «Флора мен фауна», «Су», «Экологиялық», «Денсаулық». Ойынның барлық қатысушылары жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің қандай сирек кездесетін түрлерін білетіндерін айтып, қоқыстарды дұрыс сұрыптап, су ресурстарын қорғау ережелерін атауға, өлкеміздің жануарлары мен құстарын атады. Дұрыс- зор байлық демекші балаларға арналған соңғы «Денсаулық» станциясында ойын өткізілді, онда азық-түлік суреттерін 2 топқа бөлу қажет болды: 1 минут ішінде пайдалы және зиянды тамақтарды көрсетті. Квест-ойын қорытындысы бойынша: 1 орынды Береке ауылының «Ақтұңғұйық» командасы, 2 орынды №4 мектеп «Эко-life» командасы, 3 орынды Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі алды. Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Навигация по записям

❮ Previous Post: Еңбек күні
Next Post: «Біз біргеміз!» атты қолөнер шығармашылық көрмесі ❯

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар

Оқыту жұмысы

Әдістемелік жұмыс

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар

Copyright © 2025 "Ақсу" балалар эко-техно орталығы.