


7 желтоқсан күні “Ақсу” балалар эко-техноорталығының мәжіліс залында “Екі жұлдыз” атты байқау өткізілді, мақсаты: балалардың өз қабілеттерін барынша ашуға саналы көзқарасын қалыптастыру. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер ғана емес, ата-аналар да, сондай-ақ өз қатысушыларымен үлкен жұмыс атқарған бірлестіктердің мұғалімдері қатысты. Байқау үш тапсырмадан тұрды: бірінші “визит карточкасы” -қатысушылар өздері туралы туралы әңгімеледі. Олар бос уақытында не істегенді ұнатады, сүйікті хоббиі қандай екені айтылды.Екінші”таланттар шеруі” байқауы — қатысушыларға бір шығармашылық нөмірді дайындау, яғни өз таланттарын көпшілік алдында ашу үй тапсырмасы берілді. Қатысушылар көркемөнерпаздар өнерінің нөмірлерін көрсетті, көрермендер алдында өз таланттарын ашты.Үшінші “Эко-сән” байқауы-онда балалар ата-аналарымен бірге қалдық материалдардан жасалған киім үлгілерін көрсетті.Байқау балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, ашуға мүмкіндік берді. “Екі жұлдыз” байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдені Бейсенбаева Ясмина, жетекшісі Бережнова И. П. иеленді.; 1 орын: Смағұлова Арина, жетекшісі Айтқожина Н. Н., Берикова Айлана, жетекшісі Ержан А., Бақытбекқызы Мөлдір, жетекшісі Гомбожай Әлия; 2 орын: Ирғали Замзагул, жетекшісі Мұрат М., Кәрімов Қуаныш, жетекшісі Текенова Б. К.; 3 орын: Кузнецова Полина-5 сынып, жетекшісі Атабаева Н.В.барлығы 7 тәрбиеленуші қатысты. Байқау көңілді және қызықты өтті. Барлық қатысушыларға грамоталар, медальдар мен сыйлықтар табыс етілді.
