
Экологиялық абаттандыру және көгалдандыру аясында 11-12 сәуір аралығында “Ақсу”балалар эко-техноорталығының аумағында экологиялық акция “Алма бағы” атты алма сорттарын отырғызу шарасы өтті.
Зерттеу алаңында 100 мәдени алма ағашының көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда күзгі Боровинка және Настенка сорттары, ақ түсті ерте сорты және кеш сорты Уэлси. “Ақсу” балалар эко-техноорталығының ұжымы кезекті экологиялық акцияға белсенді және ынтамен қатысты. Бұл іс-шара көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау бойынша тағы бір жарқын үлгі болды. Біз барлық тұрғындарды өз елді мекендерінің көшелеріне шығуға және қаламызды абаттандыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Барлығы бірге өз учаскелерінің айналасын ретке келтіріп, саябақтарды тазалап, ағаш отырғызуы керек. Біздің өміріміздегі жасыл кеңістіктің рөлін асыра бағалау қиын. Олар адам өміріне әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздіктің кепілі болып табылады.
