
2025 жылдың 19 наурызында “Ақсу” балалар эко-техноорталығында “Наурыз келді — Нұр келді” атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Өлкенің өмірі мен мәдениетімен танысу. Концерттік бағдарламаның басында құттықтау сөз орталық басшысы Ж. А. Акишеваға берілді. Концерттік бағдарламада: “Бис”, “Жас зоолог”, “Радуга талантов”, “Шапағат гүлі”, “Funny English” бірлестігінің тәрбиеленушілерінің орындауында өлеңдер оқылды. “Есо-Forest” бірлестігінің тәрбиеленушілерінің орындауындағы Наурыз туралы әндер шырқалды. “Шапағат гүлі” бірлестігінің тәрбиеленушілері “Қазақ биі” және “Лезгинка”көңілді, әсем билерімен өнер көрсетті. Бұл күндері бата алу маңызды болды. Қыдыр-ата залдағы барлық қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. “Шашу” рәсімі өтті-қонақтарға тәттілер шашылды. Бұл мереке қуанышты көңіл-күй, сергектік пен белсенділік заряды барлығына жақсы жетістіктерге жаңа күш пен шабыт берді. Барлығы 18 бала қатысты.
19 марта 2025 года в Детском эко-техноцентре «Аксу» была проведена праздничная программа «Мы встречаем Наурыз». Цель данного мероприятия: воспитание казахстанского патриотизма. Знакомство с бытом и культурой отчего края. В начале концертной программы слово для поздравления было предоставлено руководителю центра Акишевой Ж.А. В концертной программе прозвучали стихи в исполнении воспитанников: студии «Бис», «Юный зоолог», « Радуга талантов», «Funny English”. Звучали песни про Наурыз в исполнении воспитанниц объединения «Есо-Forest». С веселыми, красочными танцами «Казахские мотивы» и «Лезгинка» выступили воспитанницы объединения «Шапағат гүлі». В эти дни важно было получить благословение-бата. Кадыр-ата сказал добрые слова пожелания всем присутствующим в зале. Был проведен обряд «Шашу»- осыпать гостей конфетами. Радостное настроение, заряд бодрости и оптимизма, которые несет этот исконно народный праздник, придал всем новых сил и вдохновения на благие свершения.
