2026 жылғы 26 наурызда Ақсу қаласындағы Балалар эко-техноорталығының акт залында «Екі жұлдыз» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың өз қабілеттерін барынша ашуға саналы көзқарас қалыптастыру.
Іс-шара барысында тек тәрбиеленушілер ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен бірлестік жетекшілері де белсенді қатысты. Олар қатысушылармен үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Байқау үш кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – «Таныстыру» сайысы. Қатысушылар өздері туралы, қызығушылықтары мен бос уақыттарында немен айналысатыны, сүйікті хоббилері жайлы айтып берді.
Екінші кезең – «Таланттар шеруі». Қатысушыларға үй тапсырмасы ретінде шығармашылық нөмір дайындау берілді. Олар көркемөнерпаздық өнер арқылы өз таланттарын көрермендерге паш етті.
Үшінші кезең – «Эко-сән». Бұл кезеңде балалар ата-аналарымен бірге қалдық материалдардан жасалған киім үлгілерін көрсетті.
Байқау балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға және көрсетуге мүмкіндік берді. Жалпы байқауға 6 бірлестік қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
1-орын – «Радуга талантов» бірлестігінің тәрбиеленушісі Дмитрий Алексеев (жетекшісі Бережнова И.П.);
2-орын – Нурай Шарапат, «Eco-Forest» бірлестігі (жетекшісі Ержан А.К.);
3-орын – Аиша Машанло, «Гринландия» бірлестігі (жетекшісі Билялова А.К.).
Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Ақсу қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығына қолдау көрсетіп, демеушілік жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
