2026 жылдың 26 наурызында «Ақсу» балалар эко-техноорталығының тәрбиеленушілеріне арналған Coworking орталығында «УРА каникулы!» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: әділдік пен адалдық сезімін тәрбиелеу, балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, балалардың ой-өрісін кеңейту. Бағдарлама өте қызықты өтті . Командаларға «Зияткер», «Мен билеймін», «Қорап», «Музыкалық ойыншық»ойын-сауық сайыстары ұсынылды. «Зияткер» байқауында балаларға дұрыс жауап бергені үшін Эмодзи берілді , кімде Эмодзи көп болса , сол жеңді . «Ұлы аспаз» байқауы, онда әр түрлі заттарды қасықпен анықтау қажет болды. «Жағдай» байқауы, онда әр қатысушы мимика мен жестты қолдана отырып, картада жазылған жағдайды бейнелеуі керек еді, ал залда отырған балалар не бейнелейтінін білуі керек болды. Балалар командада жұмыс істей білді және сергектік алды. Барлық байқаулар көңілді өтті, балалар көптеген әсерлер мен керемет көңіл-күй алды. Барлығы 25 бала қатысты.
