Skip to content
"Ақсу" балалар эко-техно орталығы

"Ақсу" балалар эко-техно орталығы

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Біз туралы
    • Орталық басшысы
  • Байланыс
  • Русский

2026 жылғы 16–17 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жаңалықтар, Оқыту жұмысы
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ (@bilim_basqarmasy)

2026 жылғы 16–17 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен білім беру саласының өкілдері қатысып, қосымша білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен жаңа бағыттарды талқылады. Павлодар облысынан барған делегация қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары тәжірибе алмасып, саланы дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Павлодар облысының өкілдері кеңес жұмысына белсене қатысып, қосымша білім берудің стратегиялық бағыттары бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.

— Алма Ерубаева, Павлодар қаласы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының басшысы
«Қосымша білім берудің икемді форматтары: көшбасшылық пен азаматтықты дамытудағы жобалық тетіктер» атты баяндамасында білім беру үдерісіндегі заманауи инновациялық тәсілдердің маңыздылығын атап өтті.

— Жантоты Акишева, Ақсу қаласы «AQSY» балалар эко-техноорталығының басшысы
«Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын әзірлеу туралы» тақырыбындағы баяндамасында экологиялық білім беруді жүйелеудің өзекті бағыттарын ұсынды.

— Айнагүл Байзақова, Павлодар қаласындағы Балалар техникалық мектебінің басшысы «Жобалық қызмет – заманауи қосымша білім берудің негізі. Зерттейміз, ізденеміз, жасаймыз» атты мазмұнды баяндамасын ортаға салып, қосымша білім беру жүйесіндегі жобалық тәсілдің маңыздылығын көркем түрде айқындап берді.

— Жанна Темирова, Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының басшысы
«2026–2030 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдер туризмі, экологиялық білім беру және өлкетану салаларын дамытуға арналған тұжырымдамалық тәсілдер» атты баяндамасында аталған бағыттарды дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты қарастырды.

Кеңес жұмысы қосымша білім беру жүйесін дамытуға серпін беретін маңызды кәсіби алаңға айналды.

Навигация по записям

❮ Previous Post: «Таза Қазақстан» акциясы
Next Post: «Жер – біздің ортақ үйіміз» ❯

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар

Оқыту жұмысы

Әдістемелік жұмыс

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар

Copyright © 2026 "Ақсу" балалар эко-техно орталығы.