30 мамыр күні «Ақсу» балалар эко-техноорталығында «ДЭТА-2026 үздік бірлестігі» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – талантты, дарынды және шығармашыл балаларды анықтау. Қатысушылардың жұмыстары материалды ұсыну ерекшелігі, таңдалған тақырыпқа сәйкестігі, мазмұндылығы, әртістік шеберлігі және эмоционалдық әсері сияқты критерийлер бойынша бағаланды.
Балалар біздің орталыққа сан түрлі жолдың ішінен өз соқпағын табу үшін келеді. Байқауда орталығымыздың 30 тәрбиеленушісі өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – «Радуга талантов» бірлестігі, жетекшісі Бережнова Ирина Павловна;
ІІ орын – «Жас зоолог» бірлестігі, жетекшісі Атабаева Надежда Владимировна;
ІІІ орын – «Фитоәлем» бірлестігі, жетекшісі Мұрат Майра;
ІІІ орын – «GreenLandia» бірлестігі, жетекшісі Билялова Айнур Қайратқызы.
Барлық жеңімпаздарға грамоталар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарайсыңдар, балалар! Сіздер – біздің орталығымыздың мақтанышысысыздар! Сіздерге алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
Мұндай іс-шаралар әрдайым мереке сыйлайды, ал кез келген мереке есте қаларлықтай әрі қызықты болуы тиіс. Осындай көпшілікке арналған әсерлі шаралар балаларды мейірімділік пен сұлулық әлеміне жетелейді.
