Әр адамның дүниедегі ең жақсы көретін орны болады. Ол – туған жері, алғашқы қадамын жасаған, алғашқы достарын кездестірген мекені. Әрқайсымыз үшін бұл – біздің Отанымыз.
2 маусым күні «Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінің тәрбиеленушілері үшін «Менің Отаным» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты – Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге баулу.
Іс-шараның басында Отанды ерекше ететін құндылықтар туралы әңгімелесіп, мемлекеттік рәміздерді, салт-дәстүрлерді еске түсірдік және елімізді қаншалықты жақсы білетінімізді анықтадық.
Балаларды қызықты тапсырмалар күтті:
– «ОТАН ТАНЫМПАЗДАРЫ» сайысында жұмбақтар шешті;
– «СӨЗ ҚҰРАСТЫР» тапсырмасында әр команда сөз құрастырды;
– «МЕН ҮШІН ОТАН ДЕГЕН НЕ?» тапсырмасында әр командаға қағаз бен қалам беріліп, «Мен үшін Отан…» деген сөйлемді жалғастырып жазды;
– қорытынды тапсырмада әр команда Отан туралы әннің бір жолын орындады.
Іс-шара барысында ынтымақтастық пен өзара көмек атмосферасы орнап, балалар өз ойлары мен ұсыныстарын еркін жеткізе алды. Олар үлкен қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, туған өлкесі туралы білімдерін кеңейтті.
Іс-шара Жамбыл Жабаевтың өлеңімен аяқталды.
