12 маусым күні «Ақсу» балалар эко-техноорталығының мәжіліс залында «Экоәлем» жазғы бейіндік лагері мен Айнакөл ауылының мектеп жанындағы лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Таланттар әлемі» атты ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балаларды шығармашылық арқылы өзін-өзі жетілдіруге баулу, мәдени деңгейін арттыру және әр баланың бойындағы талантты ашуға ықпал ету.
Іс-шараның басында балалар сахнаға шақырылды. Одан кейін байқауға қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Бірі ән айтып, бірі би биледі, енді бірі сурет салып, ал кейбіреулері өлең оқыды.
Кейін балалар екі командаға бөлініп, бірнеше қызықты байқауларға қатысты: «Мені түсін», «Кім кімді басып озады», «Жануарлар әлемінде», «Ертегілер жұмбақтары», «Қамал».
Іс-шара соңында барлық балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Балалардың жүзіндегі шаттық пен күлкі бүкіл іс-шара барысында көрініс тауып, олар ұмытылмас жағымды әсер мен көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
12 июня в актовом зале Детского эко-техноцентра «Аксу» для воспитанников летнего профильного лагеря «Экоәлем» и пришкольного лагеря села Айнаколь была проведена развлекательная программа «Мир талантов». Цель мероприятия: вовлечение в творческий процесс самосовершенствования, повышение культурного уровня, раскрытие таланта каждого ребенка. В начале мероприятия дети были приглашены на сцену, далее каждый участник конкурса по номинациям демонстрировал свой талант! Кто то пел, кто то танцевал, кто рисовал, а кто то рассказывал стихи.. Затем детей разделили на две команды, где ребята должны были пройти не сколько конкурсов: «Пойми меня», «Кто кого перепоет», «В мире животных», «Сказочные загадки», «Замок». В конце мероприятия все дети были награждены сладостями. Улыбки на лицах ребят были сопутствующим элементом в процессе всего мероприятия, а также непередаваемый заряд положительных эмоций.
