15 маусым күні «Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған «ЭкоШеберхана» атты шеберлік сабағы өткізілді.
Мақсаты: балаларды қағаздан жануарлардың мүсіндерін жасау үлгісі арқылы қағазды модельдеу технологиясымен таныстыру.
Қағаз – экологиялық таза әрі балалар арасында кеңінен танымал материал. Ол қауіпсіз, қолжетімді және салыстырмалы түрде арзан. Шеберлік сабағында балалар қағазбен жұмыс істеуді үйреніп, шығармашылықтың жаңа түрі – паперкрафтпен танысты. Олар жануарлардың қағаздан жасалатын үлгілерін құрастыруды меңгерді, сызбалар бойынша қағаз бөлшектерін қиып алып, оларды өзара жапсыруды үйренді.
Нәтижесінде қандай керемет жануарлар шықты!
Шеберлік сабағы барысында балалардың ұқыптылығы, төзімділігі мен зейінділігі арта түсті. Бірлескен іс-әрекет кезінде оларда ұжымшылдық, жанашырлық таныту, көмек көрсетуге дайын болу және өз еңбегінің нәтижесімен айналасындағыларды қуантуға деген ұмтылыс сияқты адамгершілік қасиеттер қалыптасты.
15 июня для воспитанников летнего профильного лагеря «Экоәлем» был проведен мастер класс «ЭкоШеберхана». Цель: Познакомить детей с технологией моделирования из бумаги на примере создания бумажной фигуры в виде животных. Бумага экологический и популярный материал у детей, он безопасный, доступный и относительно дешевый. На мастер классе дети научились работать с бумагой, познакомились с новым видом творчества Паперкрафт, научились создавать модели животных. Вырезали бумажные объекты по схемам и склеивать их друг с другом. Какие замечательные получились животные. Во время мастер класса дети стали более усидчивыми, аккуратными. В совместной деятельности у детей сформировались такие нравственные качества, как коллективизм, умение сопереживать, готовность оказывать помощь, желание радовать окружающих результатами своего труда.
