2026 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің», сондай-ақ жыл бойы жұмыс істейтін, маусымдық және жекеменшік лагерьлер басшыларының қатысуымен «Балаларды сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау» тақырыбында кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңес жұмысына «Ақсу» балалар эко-техноорталығының басшысы Акишева Жантоты Амангелдықызы қатысып, қосымша білім беру ұйымдары жанындағы балалардың күндізгі уақыттағы маусымдық лагерьлеріне лицензия алу қажеттілігі туралы өзекті сұрақ көтерді.
Аталған мәселеге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы Балалар туризмі және демалысы қауымдастығының төрағасы Сұлтанов Қайрат Абайдоллаұлы түсініктеме берді.
Кеңесте берілген ақпаратқа сәйкес, балалардың күндізгі демалысын ұйымдастыратын, физиотерапиялық, санаторийлік-сауықтыру және профилактикалық емдеу қызметтерін көрсетпейтін, сондай-ақ балалардың түнгі уақыттағы жатуын қарастырмайтын маусымдық лагерьлер үшін лицензия алу талап етілмейді.
Мұндай лагерьлер медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымымен келісімшарт жасасып, қызметін хабарлама тәртібі негізінде жүзеге асырады.
