2026 жылғы 17 маусымда «ЭкоӘлем» лагерінде «Джунгли шақырады!» атты ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: балалардың тропикалық джунгли жануарлары туралы білімдерін бекіту.
Іс-шараның бастапқы кезеңінде экоәлемдіктер джунглилер, олардың табиғаты, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы өз білімдерімен бөлісті. Кейін балалар түрлі байқау тапсырмаларын орындау арқылы қалың джунгли ішіндегі қызықты саяхат әлеміне енді.
Балалар екі командаға бөлінді. Бірінші команда «Жыртқыштар», ал екінші команда «Шөпқоректілер» деп аталды. Тапсырмаларды бірінші болып орындаған командаға жетон берілді: егер жеңімпаз «Шөпқоректілер» болса – «банан» жетоны, ал «Жыртқыштар» болса – «сүйек» жетоны табысталды.
Сайыс ойыны бес тапсырмадан тұрды. Алдымен «Жылыну» кезеңінде балалар жұмбақтарды шешті. Одан кейін «Өткел», «Кенгуру», «Балық аулау», «Жаралы аң», «Бір аяқпен секіру» атты эстафеталық ойындар өткізілді.
Экоәлемдіктер көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, көптеген жағымды эмоциялар алды! 🎉🌿🐒🦁
17 июня 2026 года в лагере «ЭкоӘлем» было организовано и проведено развлекательное мероприятие «Джунгли, зовут!». Цель: закрепить знания детей о животных тропических джунглей. На начальном этапе экоалемовцы поделились своими знаниями о джунглях, их природе, флоре и фауне. Далее ребята окунулись в мир путешествий по зарослям джунглей, в виде выполнения конкурсных заданий. Дети разделились на две команды. Одна команда получила название «Хищники», вторая «Травоядные». Та команда, которая первая выполнит задания, получает жетон «банан» (если, это травоядные); жетон «косточка» (если, это хищники). Конкурсная игра состояла из пяти заданий: «Разминка», нужно было разгадать загадки. Затем проводились игры:«Переправа», «Кенгуру», «Рыбалка» , «Раненый зверь», «Прыжки на одной ноге» –эстафета.
Экоалемовцы получили массу положительных эмоций!
