25 маусым күні «Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінде ауысымның ең жылы әрі мағыналы шараларының бірі – «Менің отбасым» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – балалардың отбасына деген сүйіспеншілігі мен құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу болды.
Өз жұмыстарында балалар өздері үшін ең маңызды әрі жақын сәттерді бейнеледі: отбасылық серуендер, мерекелер, бірлескен демалыс және жай ғана жылы отбасылық көріністер. Әрбір жұмыс ерекшелігімен және шынайылығымен көзге түсті, өйткені балалар туған-туыстарына деген жеке сезімдері мен қарым-қатынасын жеткізуге тырысты.
Ұсынылған суреттерді талдау барысында балалардың көпшілігі қуаныш, сүйіспеншілік пен жайлылықты білдіретін ашық әрі жылы түстерді қолданғанын байқауға болады. Композициялар да әртүрлі болды: біреулері бүкіл отбасын бірге бейнелесе, енді біреулері ата-аналарымен, аға-інілерімен немесе әпке-сіңлілерімен байланысты маңызды сәттерді суреттеген.
Байқау отбасы тақырыбының балалар үшін өте маңызды әрі құнды екенін көрсетті. Іс-шара олардың шығармашылық дағдыларын дамытып қана қоймай, отбасының қадір-қасиетін, өзара көмекті және жақындарына қамқорлық жасаудың маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Жалпы алғанда, «Менің отбасым» байқауы сәтті өтіп,балаларға жылы әсер мен жағымды эмоциялар сыйлады.
