Skip to content
"Ақсу" балалар эко-техно орталығы

"Ақсу" балалар эко-техно орталығы

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Біз туралы
    • Орталық басшысы
  • Байланыс
  • Русский

«Жаз, күн, достық – балаларға керегі осы!»

Жаңалықтар
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Ақсу"балалар эко-техноорталығы (@eko_tehno_ortalygy_aqsu)

30 маусым күні «Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Жаз, күн, достық – балаларға керегі осы!» атты спорттық-сауықтыру бағдарламасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жазғы демалыс кезінде балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, олардың ептілігін, жылдамдығын, командалық рухын және достық қарым-қатынасын дамыту.
Балалар екі командаға бөлініп, қызықты әрі көңілді эстафеталық жарыстарға қатысты. Олар допты дұрыс алып жүруді, доптармен және шығыршықтармен (обруч) эстафеталарды орындауды, бірлесіп ойнауды және команда болып әрекет етуді үйренді.
Іс-шараны ұйымдастыру барысында ең маңыздысы – балаларды эстафеталарға белсенді қатысуға ынталандыру болды. Ойындардың қызықты өтуіне қолайлы жағдай жасалды. Іс-шара барысында балалар ойынға белсене араласып, өз командаларына жанкүйер болып, бір-біріне қолдау көрсетті.
Әрбір тапсырманы балалар үлкен қызығушылықпен орындады. Қателіктер де кездесті, алайда олар берілмей, қайта тұрып, қашықтықты соңына дейін жүгіріп өтіп, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырды.
Эстафеталар балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп дайындалды. Атап айтқанда, секіртпемен секіру, фитболда секіру, ептілік пен қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға, сондай-ақ ұжымның ұйымшылдығын нығайтуға арналған ойындар өткізілді.
Іс-шара өте қызықты әрі көңілді өтті. Балалар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, мол жағымды эмоция алып, барлық эстафеталарды соңына дейін сәтті орындады.

Навигация по записям

❮ Previous Post: «Бақытты сәт»
Next Post:  «Қоқыс жәшігіндегі жаңалықтар» ❯

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар

Оқыту жұмысы

Әдістемелік жұмыс

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар

Copyright © 2026 "Ақсу" балалар эко-техно орталығы.