
17 наурыз күні Ақсу балалар эко-техноорталығының қызметкерлері «Сырға салу» рәсімін жасады. Рәсім – әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлінің маңыздылығын бейнелейтін қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрінің маңызды бөлігі. Келген құдағилар келін болатын қызды (қалыңдықты) көріп, көрімдігін беріп, сосын құлағына сырға салады. Сырға арнайы әшекейленген қораптағы алтын сырға дайындалады. Сырға қалыңдықтың оң құлағынан бастап тағылады. Бұл рәсімді әдетте күйеу жігіттің анасы немесе басқа жақын туыстары орындайды. Сырға салу кезінде баталы сөздер айтылады: «Бақытты болсын», «Ұрпақтары өсіп-өнсін», «Екі жаққа да құтты болсын». Бұл қалыңдық пен күйеу жігіттің ресми түрде атастырылғанын білдіреді. Сырға салу рәсімі кезінде арнайы әндер айтылып, бата беріледі.
17 марта сотрудниками Детского эко-техноцетра «Аксу был проведен обряд «Сырға салу». Обряд является важной частью казахской культуры и традиций, олицетворяя важность роли женщины в семье и обществе. «Сырға салу» — буквально означает «одевание сережек», включает в себя подготовку свадебных подарков, подбор сережек для невесты, а также проведение обрядов в семейном кругу.
