
“Ақсу” балалар эко-техноорталығының педагогтары “Қызойнақ” салт-дәстүрін көрсетті.
Қызойнақ – тұрмысқа шығатын қыз құрбыларымен оңаша бас қосатын кеш. Сөйтіп босаға аттағалы тұрған бойжеткен балалық шағымен, тентектігімен, еркелігімен қоштасады-мыс. Құрбылар сырласып, әңгімелесетін көрінеді. Бұл кеш таңға дейін жалғасып, таңертең бірін-бірі қимай тарқасады екен.
Тұрмысқа шығатын қыз құрбыларының басын қосатын қазақта дәстүр бар. Мәні мен мағынасы мүлде бөлек. Бірақ бұл кешке қыздың құрбыларынан бөлек, жеңгелері, әпкелері, үлкен апалары да қосыла келеді. Сөйтіп болашақ келінге жаңа өмірдің қыр-сырын түсіндіреді, жеңгелері ас үйдің тыныс-тіршілігімен таныстырады, ақыл-кеңестер, өсиеттер де айтылады. Оны қыз құрбыларымен бірге отырып тыңдайды. Бұл кеш ұзатылатын қыздың үйінде жасалады.
