
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз — Ұлттық киім күні. “Ақсу” Балалар эко-техноорталығының қосымша білім беру педагогтары “Ұлттық киім күнімен” барша Қазақстандықтарды құттықтайды.
⚜️Ұлттық киім — қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.
⚜️Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді.
⚜️Бүгін — халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
