
8 шілде күні «Экоәлем» жазғы профильдік лагеріне Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен келді.
«Көп адамдар алғашқы медициналық көмекті қалай дұрыс көрсету керектігін білмейді. Ал қайғылы жағдай орын алған сәтте көпшілігі абдырап, қателіктер жіберіп, қымбат уақытты жоғалтады. Сондықтан әр адам, соның ішінде оқушылар да алғашқы көмектің негізгі ережелерін білуі маңызды», – деп атап өтті ТЖ қызметкерлері.
Балаларға алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді:
– құтқару желетін дұрыс кию тәсілдері;
– өрт сөндіргішті дұрыс қолдану жолдары;
– алғашқы көмектің негізгі қағидалары түсіндіріліп, қандай жағдайларда көмек қажет болатыны және алғашқы көмектен кейін не істеу керек екені айтылды.
Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, алғашқы көмекті тәжірибе жүзінде көрсетті.
Балалар алған білімдерін жаз мезгілінде қауіпсіздік сақтау үшін тиімді қолданады деген сенімдеміз.
8 июля с информационно- разъяснительной информацией в гостях у летнего профильного лагеря » Экоәлем» побывали сотрудники из Департамент ЧС Павлодарской области. «Мало кто знает, как правильно оказывать первую помощь. А когда несчастье уже произошло, многие люди нередко теряются, совершают ошибки, упускают драгоценное время. Важно, чтобы каждый человек, в том числе и школьники знали основные правила оказания первой помощи», — отметили сотрудники ЧС. Для детей были показаны мастер классы по оказанию первой помощи. Как правильно одевать спасательные желеты. Как правильно пользоваться огнетушителем. Ребята рассмотрели основы оказания первой помощи, выяснили обстоятельства, при которых требуется помощь, что необходимо делать после оказания первой помощи.
В ходе мероприятия дети активно отвечали на заданные вопросы и практически принимали участие в оказание первой помощи. Надеемся, что полученная информация поможет детям в летний период избежать несчастных случаев.
