
Қазақстан Республикасының Конституциясы — еліміздің Негізгі Заңы, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Конституция Қазақстанның құқықтық негізін, мемлекеттік құрылымын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын анықтайды.
Конституцияда Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені айқын жазылған. Онда биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі қағидасы бекітілген. Азаматтардың теңдігі, сөз бостандығы, ар-ождан еркіндігі, еңбек ету және білім алу құқықтары — Негізгі Заңмен кепілдендірілген.
30 тамыз — Қазақстан Конституциясы күні ретінде аталып өтеді.
2025 жылдың 27 тамыз бен 29 тамыз аралығында АБЭТ оқытушылары да өздерінің алғырлықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясы жайында бейнеролик, қызықты викториналар, әңгіме-сұхбат және Рәміздеріміздің маңыздылығы жайында сөз қозғалды.
Бұл күн — еліміздің егемендігі мен тұтастығының, халық бірлігінің және заң үстемдігінің нышаны.
Конституция Республики Казахстан — это Основной Закон нашей страны, принятый на всенародном референдуме 30 августа 1995 года. Конституция определяет правовую основу Казахстана, государственное устройство, права и свободы граждан.
В Конституции четко указано, что Казахстан является демократическим, светским, правовым и социальным государством. Закреплен принцип разделения власти на законодательную, исполнительную и судебную ветви. Равенство граждан, свобода слова, свобода совести, право на труд и образование — гарантируются Основным Законом.
30 августа отмечается как День Конституции Республики Казахстан.
С 27 по 29 августа 2025 года преподаватели ДЭТЦ также проявили свою инициативность и активность. В рамках мероприятий были показаны видеоролики о Конституции Республики Казахстан, проведены увлекательные викторины, беседы, а также обсуждены значение и важность государственных символов.
Этот день является символом суверенитета и целостности страны, единства народа и верховенства закона.
