«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2026 жылғы 29 сәуірде «Ақсу» балалар эко-техноорталығында экологиялық акция өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – орман байлығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды дамыту және экологиялық сананы арттыру.
Акцияға балалар эко-техноорталығының тәрбиеленушілері мен педагогтері қатысты. Іс-шара «Жерге бақ сыйла» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юрий Львович Гашекпен бірлесіп өткізілді. Акт залында ДЭТА тәрбиеленушілеріне «Жердің болашағы сенің қолыңда» атты экосабақ ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында дәстүрлі ағаш отырғызу акциясы өтті. Экологиялық акцияның өскелең ұрпақ үшін маңызы зор, өйткені өз қолымен отырғызылған бір ағаш әр баланың жадында ұзақ сақталып, жүрегінде мәңгі қалады. Осындай іс-шаралар балалар мен жасөспірімдерге табиғатқа ұқыпты қарауды, Жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Өздері өсірген ағаштар арқылы балалар тірі табиғаттың кемел әлемімен, Жер-анамен жақын танысады.
Іс-шараға жалпы саны 80 бала қатысты.
В рамках программы «Таза Казахстан» 29 апреля 2026 года в Детском эко-техноцентре «Аксу» прошла экологическая акция. В акции приняли участие воспитанники и педагоги Детского эко-техноцентра. Мероприятие проводилось совместно с Председателем Общественного объединения «Подари земле сад» Гашеком Юрием Львовичем. В актовом зале для воспитанников ДЭТА был проведен эко-урок «Будущее земли зависит от тебя». В завершении мероприятия прошла традиционная акция по посадке деревьев. Подобные мероприятия формируют у детей и подростков бережное отношение к природе, любовь к Земле. Ведь вырастив свои собственные деревья, дети соприкоснутся с совершенным миром живой природы, с самой Землей. В мероприятии всего приняло участие 80 воспитанников ДЭТА.
