«Ақсу» Балалар эко-техноорталығының ұйымдастыруымен «Экологиялық фотограф – 2026» қалалық қашықтық фотобайқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және жас фотографтардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Байқауға қала және ауыл аймақ мектептерінің оқушылары қатысып, табиғаттың әсем көріністерін, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін және туған өлкенің экологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін фотожұмыстарын ұсынды. Қатысушылар әрбір сурет арқылы табиғатты аялаудың маңызын көрсетіп, экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты.
Фотобайқау бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды. Қазылар алқасы жұмыстарды идеяның мазмұндылығы, шығармашылық ерекшелігі, фотосуреттің сапасы және экологиялық тақырыпты ашу деңгейі бойынша бағалады. Әсіресе табиғаттың сұлулығын әсерлі жеткізе білген және экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударған жұмыстар жоғары бағаланды.
Іс-шара жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті. Мұндай байқаулар оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытып, экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Байқау соңында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды. “Ақсу” балалар эко-техноорталығы барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, табиғатты қорғау бағытындағы шығармашылық бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
