30 маусым күні «Экоәлем» жазғы бейіндік лагерінің төртінші маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Таңертеңнен бастап лагерь аумағында әсем әуен шырқалып, балалардың шат күлкісі естіліп, қызықты лагерь өмірі басталды.
Лагерьдің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес алғашқы күні балалар ауысымның ашылуына дайындық жұмыстарын бастады. Балалар үшін «Танысу» тренингі ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты – балалардың бір-бірімен танысуына, жаңа ортаға бейімделуіне және өзара достық қарым-қатынас орнатуына ықпал ету болды. Балалар өздерінің қызығушылықтары, сүйікті ойындары туралы айтып, жаңа достарымен танысқаннан алған әсерлерімен қуана бөлісті.
Осындай жүйелі жұмыстар балалардың бойындағы артық психологиялық күйзелісті азайтып, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға, денсаулығын нығайтуға оң әсер етеді.
Сонымен қатар балаларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Акт залында «Лагерьдегі тәртіп ережелері» тақырыбында таныстырылым көрсетіліп, лагерьдегі қауіпсіздік талаптары мен тәртіп сақтау ережелері түсіндірілді.
